КОНЦЕНТРАЦИЯЛЫҚ ЛАГЕРЬ

lat: KONSENTRASIaÁLYQ LAGER

концлагер мемлекеттердің, саяси тәртіптердің, т.с.с. нақты немесе ықтимал қарсыластарын күштеп оқшаулап, бір жерге бөлектеп жинақтауға пайдаланатын орны. Әскери тұтқындар мен босқындарға арналған түрмелер мен әдеттегі лагерлерден айырмашылығы концентрациялық лагерь соғыс кезінде не саяси күрестің шиеленісіп асқынуы барысында айрықша декреттермен құрылып отырған. Алғашқы концлагерлерді Кубадағы азаттық көтерілісінің бас кезінде 1895 ж. испандықтар, 1899-1902 ж. ағылшын-бур соғысы тұсында ағылшындар ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО аумағында концлагерлер РКФСР Халкомкеңесінің «Қызыл террор туралы» (қыркүйек, 1918 ж.) қаулысымен құрылды. Түзету үйі деген атпен олар Қазақстан жерінде де пайда болды. Кейін айрықша мақсаттағы лагерлер деп аталып, тоталитарлық тәртіп тұсындағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде кең қанат жайды.