зат. 1. тамақ. Сақтауга және одан жылдам тамақ әзірлеуге ыңгайлы кептіріліп престелген тағам өнімдері мен жартылай фабрикат тар. Бір мл витамин (гр) витамин «А» к о н ц е н т р ат ы н д а 8000-20000 халықаралық өлшем болады (Ә.Әбішев, Шопан серігі.). 2. а у ы л ш а р. Құрамында қоректілігі жоғары заттары бар дәнді азық, құрама жем, күнжара, кебек т.б. мал азыгы, қанарландырылған жем. К о нц е н т р а т ауылшарушылығындағы барлық жануарлардың жемшөп құрамына кіреді (ҚҰЭ). Тұтам емшек, дәу, ала бие де жеке. Алдында сұлы, к о н ц е н т р а т (Ғ.Мұстафин, Миллионер). Әне, келе жатқан к о н ц е н тр а т. Оны айдап келіп осы сарайға кіргізеді. Мұнда ол к о н ц е н т р а т т ы кептіреді (І.Жансүгіров, Әңгім.). Бұрын осы колхоздың басшылары сүрлем, к о н ц е н т р а т дегенге мән бермепті (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.). 3. кен. Кенді байыту нәтижесінде алынатын өнім, ягни кен құрамынан керексіз құрамбөліктерді ажырату нәтижесінде алынған пайдалы құрам бөліктер жиынтығы. Осы байып шыққан майда металды к о н ц е н т р а т дейді (А.Машанов, Жер асты.»). К о н ц е н т р а т т а р д а пайдалы құрамбөліктер мөлшері бастапқы шикізаттағыдан көп болады (Қаз. тілі термин. Кен). К о н ц е н т р а т жер қойнауынан алынған пайдалы қазындыны байытудың нәтижесінде алынған өнім, оның құрамындағы бағалы минерал мөлшері алғашқы шикізаттағыдан көп болады (Қаз. тілі термин. Кен). К о н ц е н т р а т құрамындағы бағалы минерал мөлшері алғашқы шикізаттағыдан көп болады (ҚҰЭ).