зат. 1. Алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша көпшілік алдында орындалатын музыкалық, әдебихореографиялық және сахналық шығармалар. К о н ц е р т тарай үйіріне қосылған күйшілердің айтуынша, оларды патша өзі отырған бөлмеге шақырып алған да екеуінің де қолдарын қыса құттықтап, әлде не төресі кеуделеріне алтын медель қадаған (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). 2. Жеке музыкалық аспап, кейде 23 жетекші музыкалық аспап пен оркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма. Жеке орындаушы мен оркестрдің өзара жарысын көрсете отырып, оларды салыстыру к о н ц е рт і н і ң негізгі мақсаты болып табылады. Алғашқы к о н ц е р т т е р 16 ғасырда Италияда пайда болды (ҚҰЭ). К о н ц е р т симфониялық оркестр сүйемелдейтін жеке аспапқа арналған ірі шығарма ( Музыка жанры.). 3. ауыс. Қызық дәурен, думан. Қыз өріс те, ұл мирас. Әулет жолы қып-қиғаш, Алысқан қол айтқан серт. Дүние деген бір к о н ц е р т, Мәз боламыз боп аң-таң, Көп соғамыз алақан, Өмір көшсе алаңсыз, Ақырғы рет бір шолып, Сонда біздер қалармыз, Қол емес-ау сан соғып... (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Концерт берді. Әнші, биші, күйші т.б. көпшілік алдында өнерлерін көрсетті. Бір күні ертемен екі-үш мыңдай кісі жиналды, Алматыдан келген уәкілдер 1916 жылғы патшаға қарсы көтеріліс туралы баяндама жасады. Соңынан қазақ артистерінің бастығы Әміре болып к о н ц е р т б е р д і (И.Байзақов, Құралай.).