КОНЦЕРТМЕЙСТЕР

lat: KONSERTMEISTER

зат. муз. 1. Жеке скрипкаға жазылған партияны орындайтын, кейде репитиция кезіндегі дирижердің орнын ауыстыратын оркестрдегі бірінші скрипкашы. 18 ғасырда к о н ц е р т м е й с т е р аспаптық капеллаларда дирижер қызметін атқарды (ҚҰЭ). 2. Симфониялық немесе опера оркестрінің ішекті аспаптар (альттер, виолончельдер, контрабастар) тобына жетекшілік ететін музыкант. Тіпті болмай бара жатқан соң біз Күләш екеуміз өз үйімізге де адамдар тұрғыздық. Украин ССР-інің халық артисі, әнші Иванов, к о н ц е р т м е й с т е р Саксонский әйелдерімен және дирижер Рахлин екі жылдай біздің үйімізде болды (Қ.Байсейітов, Құш тар. ). 3. Концерт кезінде жеке әншілерді сцйемелдейтін және олардың жаңа репертуарын меңгеруге жәрдемдесетін пианист. К о н ц е р тм е й с т е р д і ң орындаушылық әдісі, алған шығармасын терең сезініп, тебірене жеткізуі, тақырыпты одан бетер кеңейтіп, байыптай түсуі оның ізденгіш, ойшыл екенін аңғартады («Қаз. әдеб.»). Бас қобызшы әрі к о н ц е р т м е й с т е р і м і з жоқ (Ж.Дәуренбеков, Уақыт.).