зат. 1. Үй құрылысында темір-бетон арқалықтық қабыргадан біраз шығып тұратын бөлігі. Әдетте к о н с о л ь д і ң үстіне балкон, қалқа жән е т.б. жасайды (Қаз. тілі термин. Экономика). К о н с о л ь тұрғын үй бөлмелерінде қабырғаға бекітілген, белгілі бір жүк (гүл және басқа да бұйымдар) көтеріп тұру үшін жасалған зат (ҚҰЭ). 2. инф. Мәліметтерді компьютердегі қолданбалы бағдарламаларга енгізу мен одан нәтиже алуды қамтамасыз ететін құрылғы. К о нс о л ь мәлімет енгізуде пернетақта, ал нәтиже алуда дисплей болып келетін, осы екеуін біріктіретін шалғай құрылғы ұғымын білдіреді (Қаз. тілі термин. Информатика). Көппайдаланушылар жүйесінде к о н с о л ь терминалдың синонимі болып табылады, бірақ к о н с о л ь термині есептеу машинасының операциялық жүйесінде пернетақта мен дисплейді көрсету үшін пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Информатика).