зат. 1. Мақсатты ірі бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде ғылыми-техникалық, құрылыс, табиғат қорғау және басқа бағдарламалар мен жобаларды шешу үшін ерікті түрде уақытша бірлестік ретінде құрылған кәсіпорындар. Алға қойылған міндет орындалғаннан кейін консорциум өзінің қызметін тоқтатады немесе шарттық бірлестіктің басқа бір түріне өзгертіледі (Қаз. тілі термин. Экономика). К о н с о р ц и у м өзіне құрылтайшылар берген мүлікті, тиісті мақсатты программаны жүзеге асыру үшін бір орталықтан басқа да көздерден түсетін қаржыны жұмсап, пайдаланады (Қаз. тілі термин. Экономика). К о н с о р ц и у м заңды тұлға ретінде тіркелмейді (ҚҰЭ). 2. экон. Бір топ монополистер арасында монополиялық жоғары пайда табу үшін мемлекеттік және жеке заемдарды, акция және басқа да бағалы қағаздарды таратуға байланысты, сондай-ақ белгілі бір коммерциялық әрекетті жүзеге асыру мақсатында жасалатын келісім. К о н с о р ц и у м қысқа мерзімге де, ұзақ мерзімге де жасалады (Қаз. тілі термин. Экономика). Оның басында әдеттегідей ірі банк монополиясы тұрады. Ол к о н с о р ц и у м ғ а кімдерді қатыстыру керек, заем және акция жөніндегі мәселелерді қалай қою керек т.б. шешіп отырады (Қаз. тілі термин. Экономика). Сондықтан әр мемлекет басшылығы бұл к о н с о р ц и у м өздеріне қандай пайда әкелетінін пайымдап, білуі тиіс («Егемен Қазақстан»).