КОНСТАНТА

lat: KONSTANTA

зат. физ. Математикалық, физикалық т.б. процестерде кездесетін тұрақты шама. Шаманың тұрақтылығы x былай жазылады: x=const. К о н с т а н т а әдетте К және С әріптерімен белгіленеді (ҚҰЭ). К о н с т а н т а ұғымы тар мағынада белгілі бір сандық мәні бар тұрақты шама ретінде қарастырылады (ҚҰЭ).