қоғамдық-экономикалық, мемлекеттік құрылымның, сайлау жүйесінің, мемлекеттік органдардың қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары және оның азаматтарының құқықтық ережелерін анықтап, бекітетін мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияның негізін құрайтын құқықтық ережелер аса маңызды заңдық күшке ие; Конституция ережелер түп негізі, ал барлық қалған құқықтық актілер соның негізінде жасалып, Конституцияға қайшы келмеуі керек. Конституция қазіргі мағынасында халықтың атынан қабылданатын акт болып табылады. Мысалы, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы бүкілхалықтық референдум жолымен қабылданды. Халыққа монарх сыйлаған, яғни халық атынан жарияланбаған октроирланған конституция түрі белгілі. Сонымен қатар, қатаң және жұмсақ жазылған және жазылмаған конституция түрлері анықталған. Жазылған Конституциялар біртұтас акті болып табылады, ал, жазылмаған түрлерінде Мысалы, Англияда конституция рөлін заңдар, әдет-ғұрыптар және сот өнегелерінің жиынтық жүйесі аткарады.