1 зат. саяси. Мемлекеттің негізгі заңы, адам мен азаматтың цщықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларга кепілдік беретін, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысанын, орталық және жергілікті билік органдарының негіздерін, олардың құзыреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттік рәміздерді және астананы айқындайтын өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы, ата заң. Әркім Қазақстан Республикасының К о н с т и т у ц и я с ы н және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті (ҚР Конституциясы). Өзге нормативтік-құқықтық актілердің бәрі К о н с т и т у ц и я г а сай келуге, оған қайшы келмеуге тиіс (ҚҰЭ). 1936 жылы СССР-дің жаңа К о н с т и т у ц и я с ы бойынша Қазақ АССР-і Қазақ ССР-і болып құрылды (ҚазССР тарихы). К о н с т и т у ц и я д а ел тағдырын өз қолына алған еркін халықтың ғажайып жетістіктері заң жүзінде баянды етілген (С.Қайдаров, Азамат сыры).