зат. 1. инф. Мәшине, құрылыс механизмдерінің құрылысы. Троллейбус к о н с т р у к ц и я с ы н а пластмасса кеңінен қолданылған (Ғалам ғажап.). Біздің заводтар шығаратын сепараторлардың к о н с т р у к ц и я с ы н д а өзара ұқсастық бар (С.Сейітов, Сүт. өңдеу.). Біздің завтодтар шығаратын сепараторлардың к о н с т р у к ц и я л ар ы н д а өзара ұқсастық бар (С.Сейітов, Сүт. өңдеу.). 2. лингв. Сөздердің грамматикалық құрылысы. Сөздердің к о нс т р у к ц и я с ы н зерттеу грамматиканың синтаксис саласына жатады («Қазақст. мұғ.»). Көптеген спектакльдерімізді халықтың ауызекі әңгімесінде атымен ұшыраспайтын қолдан жасаған к о н с т р у к ц и я л а р орынды-орынсыз көп ұшырасады (І.Омаров, Серпін). Қазақ тілінде мұндай к о н с т р у к ц и я кездеспейді (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).