КОНТУР

lat: KONTÝR

зат. Кескін (бір нәрсенің нобайы). Егістік, шабындық, баубақша және басқа ауыл шаруашылығы жері участоктарын к о н т у р деп атайды (А.Әбішев, Ауылда). Алып пирамидалардың к о н т у рл а р ы бір-бірлеп көзге ілінді («Лен. жас»). Резонатор тербелісті қабылдағыш к о н т у р («Халық мұғ.»).