зат. Дененің ұрылуы, зақымдануынан ағзаның мең-зең болып қалуы. К о н т у з и я боп қалған жандай көзіміз бақырайып, бір-бірімізге қарап, үн-түнсіз қатып қаппыз (С.Бақбергенов, Қарға там.). Ауыр к о н т у з и я д а н кейін есінен айырылған (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.). Медицина ғылымы к о н т у з и я н ы ауыр жаралылармен пара-пар санайды (Ә.Нұрпейісов, Курляндия). Денеге қатты соққы тиген кезде (негізінен, жарылыс әсерінен болатын ауаның соққы толқыны) организм толықтай не жеке органдар к о н т у з и я г а шалдығады (ҚҰЭ).