зат. Әртүрлі көлік түрлері мен жүктерді ыдыссыз тасымалдауға арналған стандартты сыйымдылық. К о н т е й н е р көлік түрлеріне (автомобиль, вагон, кеме, ұшақ т.б.) жүк тиеу мен түсіру және оны басқа көлікке ауыстырып тиеу жұмыстарын механикаландыруға икемделген. К о н т е й н е р д і пайдалану көлік ағыны айналымын жылдамдатады, жүктің бүлінбеуін жақсартады, көлік кідірісін азайтады ( ҚҰЭ). К о нт е й н е р л е р д е г і картоп табиғи желдетілетін қоймада сақталады (Б.Шағыров, Картоп.). Бүйрек сақталған к о н т е й н е р д і реактивтік самолет мұхит асып жеткізді (Е.Оразақов, Қайта соқ.). Хайуандар отырғызылған к о н т е й н е р д і жерге қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етуге арналған система ешбір мүлтіксіз жұмыс істегенін ғалымдар қатты сүйсініп, риза болып мәлімдеді (Б.Айдарханов, Атом қуаты.).