КОНТРАБАС

lat: KONTRABAS

зат. муз. Ысқымен тартылатын қыл ішекті музыкалық аспап. Университетке келген соң да, Есен өнерін тастаған жоқ... Енді прима, альт, аккордеон, к о н т р а б а с, тіпті барабан соғуға дейін үйреніп алды («Лен. жас».). Өткен жылдарға қарағанда құралдары едәуір түрленген: қобыз, бас домбыра, к о н т р а б а с, дауылпаз бар («Қаз. әдеб.»). Көлемі үлкен (2 м-ге жуық), дыбысы жағынан ең төменгі дауысты скрипка типтес, 4 ішекті, кварта бұрауымен бұралады. К о н т р а б а с т ы ң 3 және 5 ішекті түрлері де болады (ҚҰЭ).