КОНТРАКТУРА

lat: KONTRAKTÝRA

зат. мед. Буындардағы қимыл, қозғалу құбылыстарының шектелуі салдарынан аяқ, қолдың немесе олардың бөліктерінің бір қалыпта тырысып қалуы. К о н т р а к т у р а буын аумағындағы жұмсақ тіндердің әртүрлі өзгерісі салдарынан пайда болады (ҚҰЭ). К о н т р а к т у р а н ы ң алдын алу үшін тудыратын ауруларды мезгілінде емдеу қажет (ҚҰЭ).