КОНТРАСТИВТІ ЛИНГВИСТИКА

lat: KONTRASTIVTİ LıngvısIKA

ХХ ғ. 50-жж. бастап дамып келе жатқан жалпы тіл білімінің зерттеу бағдары. Контрастивті лингвистиканың мақсаты екі тілдің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра отырып зерттеу. Көбінесе, ана тілі мен бөтен тіл салыстырыла зерттеледі. Контрастивті лингвистика өз бастауын 1975 ж. Р.Ладо еңбектерінен алады. Сонымен қатар, А.Потебня, Ф.Корш, Е.Борогодицкий; И.Бодуэн де Куртенэ, Л.Щерба еңбектерін де қосуға болады.