КОНТРАТАКА

lat: KONTRATAKA

әск. Қорғап жатқан әскерлердің жаулардың шабуылын тойтару мақсатымен қолданатын қарсы шабуылы. Батальонның міндеті бірнеше бағытта дұшпанның шабуылы бола қалса, соған к о н т р а т а к а жасау еді (Б.Момышұлы, Біздің генерал). Нұржан батальон командирінің үстіне жаңа кіре бергенде, немістер он бес танкінің сүйеуімен екі ротаның қарсысынан к о н т р а т а к а ғ а шықты (Ә.Нұрпейісов, Курляндия).