зат. 1. Сусыма, кесек жуктерді, санаулы нәрселерді жақын араға таситын, уздіксіз жумыс істейтін мәшине. К о н в е й е р жұмыс істеу принципіне, атқаратын жұмысына қарай толып жатқан түрге бөлінеді (мысалы, ленталы к о н в е й е р, шөмішті к о н в е й е р, роликті к о н в е й е р жән е т.б.) (Қаз. тілі термин. Геология). Өнеркәсіптің көптеген салаларында пайдаланылады, к о н в е й е р өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың басты құралдарының бірі (Қаз. тілі термин. Геология). Қозғау және жүк тасымалдау тетіктері бойынша к о н в е й е р бірнеше түрге топтастырылады (ҚҰЭ). Не шыдар шабыттанған кілең ерге, Тоқтаусыз бүлкілдеген к о н в е й е р г е, Күрекпен түйдектеліп түскен көмір Тасқындап кетіп жатыр көлбей өрге (Ә.Көшімов, Көңіл). 2. инф. Екі бағдарлама арасындағы байланыс тәсілі. К о н в е й е р д е бір программаның шығысының жұмыс нәтижесі бірден екінші программаның кірісіне беріледі (Қаз. тілі термин. Информатика.). К о н в е й е р тізбекшесінің бір элементінің шығыстық мәліметтері басқа элементтің кірісіне келіп түсетін параллель жұмыс істейтін процестер тізбешесі немесе процессорлар (Қаз. тілі термин. Информатика.).