КОНВЕРГЕНЦИЯ

lat: KONVERGENSIaÁ

1950 ж. пайда болған, XX ғ. екінші жартысында қайшылықтардың тігісі жатқызылып, әртүрлі саяси және экономикалық тәртіптегі елдердің біртіндеп жақындасуын жүзеге асырған саяси тұжырымдама. Ең алдымен, капиталистік және социалистік елдер есепке алынды. Конвергенция жақтастары өз ұстанымдарын ғылыми-техникалық прогрестің ортақ заңдылықтарына және демократияның үздіксіз дамуына (оларға солай көрінді) сүйеніп, қарсы топтың саяси жетекшілеріне бейбіт жақындасу саясатын ұсынды. Бұл тұжырымдаманың негізгі өкілдері Дж. Гэлбрейт, У. Ростоу (АҚШ), Я.Тинберген (Нидерланды), А.Д. Сахаров (КСРО). Сонау XX ғ. ортасында конвергенция теорияларында ғаламдық сипаттағы элементтер нақтылы байқалды. Бұл тұжырымдаманың бірқатар ережелері қазіргі жаһандану теорияларынан көрініс тапқан.