зат. 1. Жүк көтеруге, түсіруге арналған жән е т.б. механизмдері мен жабдықтары бар шахта оқпаны үстіндегі техникалық құрылыс. К о п е р ағаштан, металл мен бетоннан салынады (ҚҰЭ). К о п е р шахта оқпанының үстіне орналасқан бағыттаушы дөңгелекті ұстап тұратын инженерлік құрылыс (Қаз. тілі термин. Кен). К о п е р білдегіне көтерілген жүктің ыдысын бағыттайтын бағыттауыш бекітіледі. Металдан жасалған бұл құрылыстың биіктігі 60 м-ге дейін болады (Қаз. тілі термин. Кен). 2. құрыл. Жуан бағаналарды (діңгектерді) жерге қаққанда пайдаланылатын қарапайым немесе әмбебап, өздігінен жүретін немесе тіркелетін электр, дизель және бу мәшине. 3. инф. Ірі металл сынықтарын қайтадан қорытуға жіберу үшін ауыр шойын тоқпақпен цргылап цсақтайтын құрылғы. Ол үшін к о п е р сыналатын бұйымдардың бір үлгі данасын әдейі ұрғылап көреді (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Физика).