зат. өнер. Балет, опера, оперетте, басқа да қойылымдарда көпшілік биін, бұқаралық көріністерді орындайтын биші-өнерпаздар ансамблі, билеушілер тобына арналған хореографиялық шығарманы орындайтын ұжым. ...Еліміздің атағын бірнеше рет алған спортшысы Татьяна Немецова солистка болмас бұрын төрт ай к о рд е б а л е т т е болды («Лен. жас»). Бірнеше рет Үлкен театр спектакльдеріндегі к о р д е б а л е т т е билеген қараторы қазақ баласы мамандар назарына ілігіп, ол [Рамазан Бапов] 1966 жылы өміріндегі алғашқы конкурсқа қатысады (С.Абдрахманов, Елдік сыны.). Қазақ балет өнерінде көпшілік сахнасын кең пайдалану к о р д е б а л е т рөлін біршама арттыра түсті (ҚҰЭ).