КОРПУС

lat: KORPÝS

1) адамның немесе жануардың денесі; 2) барлық сырты қапталған кеменің арқау негізі; 3) қандай да бір механизмді немесе құрылғыны т.б. орналастыруға арналған металл қабық; 4) жалпы телімдегі бірнеше ғимараттардың біреуі; үлкен ғимараттың окшауланған бөлігі; 5) барлық қару түрін қолданатын әскерлердің жоғары әскери құрамасы; 6) бір мамандықтағы немесе бірыңғай ресми жағдайдағы адамдарды біріктіру; 7) патшалық Ресейдегі әскери оқу орны.