КОРПУС

lat: KORPÝS

зат. 1. Кеменің, механизмнің сыртқы тұрқы; қабы. Машинканың к о р п у с ы барлық механизмдерді біріктіріп, ұстап тұру үшін қажет (Ш.Әбдірахманов, Шопан.). К о р п у с машинаның барлық негізгі механизмдері орнатылған басты бөлегі аз. тілі термин. Кен). 2. инф. Жинастырылған тақтаға орнатылатын тақшаны механикалық ұстап тұруды жасақтайтын қатты қабат. К о р п у с т ы ң құрылмасы оның қақпағына дисплейді тағанымен орналастыруға мүмкіндік береді. аз. тілі термин. Информатика). 3. әск. Бірнеше дивизиядан тұратът әскери құрама. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында армиялық (жаяу әскер) және атты әскер к о р п у с т а р ы барлық елдердің армияларында болды (ҚҰЭ). Күндіз үгітші келіп әңгіме өткізіп кетті. Ол 3-атты әскер к о р п у с ы н ы ң сонау Наревтен Балтық теңізіне дейінгі даңқты жолын қамти сөйлеп, картадан көрсетті (С.Сейітов, Сөз сұра.). Бізде бұрынғы саяси қызметкерлердің полк, дивизия, к о р п у с командирі болып жүрген мысалы аз емес (Б.Момышұлы, Шығ.). Янцелевичтер келіп шыққан мотомеханикаландырылған к о р п у ст ы ң бас штабы бұл кезде Днепрге шабуыл жасаудың мықты бір әзірлігін жасап жатыр еді (Қ.Қайсенов, Жау тылында). 4. Жабық әскери оқу орындарының аттары. Енді Шоқанды кадет к о р п у с ы н ы ң оқушысы дей беруге болады (С.Бегалин, Бала Шоқан). Бұған Қаражанның кадет к о р п у с ы н д а оқып жүргенде сол қаладағы қазақ жастарының жасырын жиналысына қатысқаны біреулердің есіне түседі (І.Есенберлин, Қатерлі өткел). 5. Шетел державалары уәкілдерінің жиынтығы. Дипломатиялық к о р п у с т ы ң мүшелері қатысып отыр («Лен. жас»). 6. баспа. Типографиялық шрифт-кегль. К о р п у с баспа ісінде өлшемі 10 пунктке (3,76 мм) тең шрифт (металл қорытпадан құйылған әріп) аз. тілі термин. Кен). 7. Жекеленген ғимарат немесе үлкен ғимараттың ерекшеленген бөлігі. Кітапхана к о р п у с т ы ң бас жағындауызекі).