сыбайлас жемқорлық, – лат. «сатып алу», «пара беру» 1) мемлекеттік функцияларды орындауға міндетті тұлғалардың өз мәртебесін және онымен байланысты мүмкіндіктерін заңмен көзделмеген материалдық өзге де құндылықтар мен артықшылықтарды қолдануы, сондай-ақ бұл құндылықтар мен артықшылықтардың заңды және жеке тұлғалармен заңға қайшы берілуі. 2) сыбайлас жемқорлық қылмыстық жазаланатын, мемлекеттік қызметкерлер, лауазымды немесе лауазымды емес тұлғалардың қандай бір артықшылық алу мақсатымен, тиісінше оларға осындай артықшылықтар өзінің қызметтік жағдайын қолданумен берілуі, қылмыстық жауапкершілік көзделген қылмыстардың жиынтығы.