зат. әск. Оқты нысанаға дәлдеп түзетуші, дұрыстап көздеуші. Әркім өзіне тиісті участок алды. Бір байланысшы жауынгер мені полковой артиллерия жауынгерлері тұрған жерге әкелді. Олардан бір адам ертіп, түнгі төрттен өте бергенде, к о р р е к т и р о в щ и к т е р д і тауып алдым. Жайды түсіндірдім (С.Бақбергенов, Қарға там.). Позицияда қалатын к о р р е к т и р о в щ и к офицер осы ма? (Ә.Нұрпейісов, Курляндия). Және сенімді бір комбатты к о р р е к т и р о в щ и к есебінде жау әскерінің ішіне жіберу керек деп ашып жазған екен (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн).