зат. мед. Құнысты түзету үшін, омыртқа жотасы түрлі ауруға шалдығып қисайғанда не жарақаттанғанда қолданылатын арнайы ортопедиялық құрал. Омыртқа мен ұршық буынындаты туберкулез ауруы әбден тоқтаған соң адамның тұруына, аздап жүруіне болады, бірақ бірден көп жүруге болмайды. Сондықтан медицина заңы бойынша, оларға к о р с е т (тұтар) кигізіледі (Е.Оразақов, Туберкулез.). Егерде ауырған кеуде мен белді к о р с е т кигізіп емдесе, науқас тұлғасы бұзылмай сымбатты дұрыс өседі, қисыты түзеледі, сыныты мінсіз бітеді (Е.Оразақов, Дәрігер парызы). К о р с е т гипстен, былтарыдан, целлулоидтен, пластикалық материалдардан жасалады (ҚҰЭ).