зат. Себет (бірдеңе салу үшін тоқылып жасалған ыдыс). Әйел к о р з ин а с ы н алды да әлгі екі адамға қарай беттеді (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Балалардың гаршогі, бақыр-шелек, асығыс буылған ала-құла көрпелер, азық салған к о р з и н а л а р (Т.Ахтанов, Шырағың.). Награда алған он үшіміздің де бөлмемізде бір-бір к о р з и н а гүл ерекшелене қалыпты (Қ.Байсейітов, Құштар көңіл). Кемпірдің қолында к о р з и н а с ы бар шеттеңкіреп жүріп, жұмыртқа сатып, корзинкасын жапқан шүберекті көлегейлеп,жайлап қана алып береді де, жан-жағына алақ-жұлақ қарап алады (А.Тоқмағамбетов, Жыр күмбезі).