зат. мат. Тік бұрышты үшкілдің үшкір бұрышының түйіскен катетінің гипотенузаға қатынасы. А бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың к о с и н ус ы деп аталады (Геометрия). X класта өтілетін «екі бұрыштың айырмасы мен қосындысының к о с и н у с ы» деген күрделірек тақырыпты өткенде, Cos (А В) өрнегінің неге тең екенін жеңіл әдістердің бірімен (мысалы, үшбұрыш әдісі) дәлелдеуге болады («Қазақст. мект.»). Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының к о с и н у с ы сол сүйір бұрышқа іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (ҚҰЭ).