зат. Ғарыш-айлақ (ғарыштық ұшқыш аппараттарды құрастыруға, ұшыруға, дайындауға және ұшыруға арналған құрылыстардың, жабдықтардың және жер учаскелерінің кешені). Бұл аймақ бір кездегі қаза құшқан Жұлдызға к о с м о д р о м ғажапстан. Міне, дос, парасатты адамзаттың Қолымен қайта туған Қазақстан! (Т.Айбергенов, Мен саған.). Ұшса алыс ұшатын оқ ұшқалы керемет «Жер серігі» қонбай жүр, тез ұшқаны не керек. Кораблі қонбайтын к о с м о д р о м болғаннан, іздеп қонар құстарға ұя болғым келер ед (Ж.Нәжімеденов, Мен туған.). К о с м о д р о м кемінде, сен бөлмеде, Жатқаныңда болашағыңды ойланып. Жүрдім мен де көрінбестен өзгеге, Жарығыңды көбелек боп айналып (Ә.Тәжібаев, Кеше.). Жыр еткен атақ-даңқын қыр бұлбұлы, К о с м о д р о м ел мақтаны, ақын жыры. Жататын планеталарды жалғастырып, Мен білсем, бұл Байқоңыр жер кіндігі (Т.Рақымжанов, Күн.).