КОЗЛА

lat: KOZLA

зат. Арба, шананың кипаждың) алдыңғы жағында көлік айдаушының (көшірдің) отыратын орны. Оспан қорапты сипалап, бишік қамшыны тауып алды да, жалмаан к о з л а г а қонжиды (С.Омаров, Дала қызы). К о з л а д а божы ұстаған Кенжетай бұрыла қарап: Болдық па, Мақмұт? Ал жүрдік!— деді (Д.Әбілев, Арман.). К о з л а д а ғ ы көшір божыларды бар пәрменімен шалқая тартса да болар емес (М.Әуезов, Абай жолы). Қос қара ат жеккен пәуеске бос келеді. Оның к о з л а с ы н д а жалғыз ғана делбеші отыр (Х.Есенжанов, Тар кезең.).