[нем. Kraftmehl] зат. 1. хим. Өсімдіктен алынатын ұнтақталған көмірсу. Балаға тамақ наннан, жармадан, картоптан к р а х м а л түрінде беріліп отырғаны дұрыс (Семья тәрбиесі). Гипо орнына картоп кр а хм а л ы н және сұйық шыныны пайдаланады (Е. Оразақов, Дәрігер.). Картоп к р а х м ал ы н алақанға салып үйкегенде, ерекше бір сықырлаған дыбыс шығады («Лен. жас» ). 2. биол. Амилоза және амилопектин фракцияларынан тұратын күрделі полисахарид. К р а х м а л бидай, қара бидай, күріш, жүгері, сұлы, картоп сияқты дақылдар құрамында болады (ҚҰЭ). Суда ерімейді, бөртеді, ыстық суға салғанда клейстер түзеді. К р а х м а л молекуласы глюкоза қалдықтарынан тұрады (ҚҰЭ).