КРАХМАЛ ДӘНДЕРІ

lat: KRAHMAL DÁNDERİ

Өсімдіктің ең кең таралған және аса қажетті қорлық заттарының бірі. Олар тек пластидтерде ғана түзіледі. Крахмал дәндері барлық мүшелердің жасушаларында кездеседі, әсіресе олар өсімдіктің дәндерінде және түрі өзгерген жер асты сабақтарында (түйнектерде, баданаларда, тамырсабақтарда) көптеп жиналады.