КРАТЕР

lat: KRATER

рек. krater] зат. 1. Жанартаудың басындағы немесе беткейіндені шұңқыр, жанартаудың аузы. Жапония жанартаулар елі. Онда сөнген к р а т е р л е р д і есептемегенде, үнемі сары ала қойыртпақ төгіп атқылап жататын к р а т е р отыз бес (Ғ. Мүсірепов, Достық.) «Тихо» к р а т е р і н і ң түбіндегі жарықшақтар едәуір аз болады («Лен. жас»). К р а т е р д і ң түбіндегі жарылымдардан жер қойнауындағы магмалық жыныстар атқылап шығады. Кейде к р а т е р д е лавалық көлдер орналасады (ҚҰЭ). 2. Ай бетіндегі сақина тәрізді таулар. 3. Ежелгі Грекияда шарапты сумен араластыруға арналған екі тцтқалы терең тостаған тәрізді ыдыс (ҚҰЭ).