[франц. crise] зат. мед. Аурудың кенеттен асқынуы. Аурудың түріне қарай к р и з д і ң бірнеше түрі болады: церебралды криз ми қызметінің зақымдануы; гипертоникалық криз гипертония ауруының асқынуы (әсіресе, артериялық қан қысымының шамадан тыс көтеріліп кетуі); тиреотоксикалық к р и з қалқанша без секрециясының ыдырауынан тиреотоксиннің (жемсау уы) жалпы организмге тигізген әсерінен адамда психикалық өзгерістердің (сандырақтау, галлюкинация) пайда болуы; катехоламиналды к р и з артериялық қан қысымының кенеттен көтерілуі және организмде метаболизм процесінің бұзылуы (ҚҰЭ).