КРОНА

lat: KRONA

[нем. Krone] зат. 1. Францияда (1417 ғ-лар), Англияда (16-17 ғ-лар), басқа да елдерде шекілген көне алтын ақша. 2. Ұлыбританияда 1871 жылға дейін айналыста болған ағылшын күміс теңгесі. 3. Австрия-Венгрияның, кейіннен Австрияның және Венгрияның 1924 ж. дейінгі ақша өлшемі. 4. Данияның, Гренландияның, Норвегияның, Швецияның (бұл елдерде 100 эреге тең), Чехияның, Словакияның (бұл елдерде 100 геллерге тең), Эстонияның (100 центке тең) ақша өлшемі (ҚҰЭ).