[гр. kainos – жаңа, zoоs – өмір]: кайнозой эрасы. Жердің геологиялық тарихының ең жас, қазіргі кезеңді қамтитын дәуірі. К а й н о з о й э р а с ы – жаңа тіршілік уақыты – 60 миллион жылға жуық созылды. Бұл эрада континенттер мен тұңғыш теңіздер пайда болып, осы кездегі қалпына келді (Жалпы биология). К а й н а з о й э р а с ы н д а құрлықтар, олардың бедері осы күнгі қалыпқа келді (ҚҰЭ). Қазіргі уақытта жер қыртысының бүкіл тарихы бес э р а ғ а ажыратылады. Олар: архей, протерозой, палеозой, мезозой, к а й н о з о й (К. Сапарбайұлы, Геология.).