Кабина

lat: Kabına

[франц. cabine] з а т е с і м. 1. Мәшина, трактор, ұшақ т. б. көліктердің жүргізушілері отыратын арнайы орын. К а б и н а терезесіне орнатылған сыпырғыш щетканың біресе оңға, біресе солға қарай дамылсыз қозғалып, әйнекті сүртіп тұрғанына қарамастан жол мүлдем көрінбеуге айналды (И.Салахов, Көкшетау). Паровоз к а б и н а с ы н д а қой көзді, ашаң өңді жігіт отыр («Лен. жас»). Командирдің к а б и н а с ы, дәнекерленген титандық брондалған пластиналарымен қоршалған («Зерде»). 2. Арнайы мақсаттағы шағын орын, бөлме (телефон кабинасы, лифт кабинасы). Ақсары орыс қызы телефон к а б и н а с ы н а н тез арада шыға қоймады («Жетісу»).