[гол. kabel] з а т е с і м. Сырты ортақ қабатпен қапталған бір-бірінен оқшауланған бір немесе бірнеше тарамнан тұратын өткізгіш, жер астынан жүргізілетін электр, радио, телефон, телеграф сымы. К а б е л ь – ортақ қоршамның ішінде орналасқан бір немесе бірнеше параллель өткізгіштер (Қаз. тілі термин. Информатика.). Кез келген к а б е л ь ток өткізетін тармақтан, изоляция және сыртын қаптайтын қаптамадан тұрады (ҚСЭ). Жоғары кернеулі күш к а б е л і тармағының ортасы қуыс болады, ол арнайы минералдық маймен толтырылады (ҚСЭ).// Кабельден жасалған, кабельге қатысты. Инновациялық тұрғыдан алғанда ең маңызды жобалардың қатарынан қазақстандық байланыс спутнигінің ұшырылуын, зымыран ұшыруға арналған “Бәйтерек” кешенінің құрылысын, Шар-Өскемен автомобиль жолын, Солтүстік– Оңтүстік электр желісін, шынының ең бір жаңа түрін шығаратын кәсіпорынды, құрылыс материалдары зауытын, дизельді қозғалтқыштар зауытын, к а б е л ь өнімдері өндірісін ерекше атап көрсетуге болады (“егемен Қазақстан”).