[гр. kathedra] з а т е с і м. 1. Баяндама жасаушыларға, дәріс оқушыларға, сөз сөйлеушілерге арналып жасалған биік орын, мінбер. Университеттегі шашсыз профессор к а ф е д р а мен тақта арасында қорбаңдап жүріп, қанша қақсағанмен, Тайман жер сырын аз аңғарыпты (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.). Кейін біздің дивизия Рейхстагқа ту тіккенін бүкіл ел біледі. Қазір пединституттың к а ф е д р а с ы н а шыққан сайын сол майдандас достарымды еске ала жүремін (С.Хайдаров, Азамат сыры).
2. Жоғары оқу орындарында белгілі бір ғылым саласындағы профессорлар мен оқытушыларды біріктіретін бөлім, оның оқытушылар ұжымы. Бектұрсын к а ф е д р а бөлмесіне келсе, Төлек емтихан алатын оқытушыларды жинап, әңгіме өткізіп жатыр екен (М.Дүйсенов, Мейман). Алматы қалалық дәрігерлер білімін жетілдіру институтының нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі бұл құжатты сөзбен емес, тек іспен жүзеге асыру керектігін алға тартады («Егемен Қазақстан»). 3. Жоғары оқу орындарында белгілі бір ғылым саласындағы профессорлар мен оқытушыларды біріктіретін бөлімнің үймереті, бөлмесі. Сол күні ұзақ уақыт к а ф е д р а д а н шықпадым. Тек әлден уақытта алдындағы ала- сапыран қағаздардан бас көтеріп, қайтатын уақыт болғанын ескергенім бар (Бәйшешек).