[исп. theabrama cacao] з а т е с і м. 1.ө с і м д і к. Тропикада өсетін мәңгі жасыл стеркулия тұқымдасына жататын, жемісінен шоколад алынатын ағаш немесе оның жемісі. К а к а о н ы ң порошогі дәмді, нәрлі және жұғымды келеді (С.Сұбханбердин, Дәрі – дауа.). К а к а о Орталық және Оңтүстік Американың қалың ормандарында өседі (ҚҰЭ). К а к а о дәнінен түрлі заттар (50 пайызға дейін – май, 14,5 пайыз азотты заттар, 1,3 – 1,7 пайыз – теобромин, т.б.) алуға болады (ҚҰЭ). 2. Осы ағаш жемісінен алынған ұнтақ. «Д» витамині к а к а о д а болады (Т.Дарқанбаев, Витамин.). К а к а о д а н алынған майды кондитер, иіссу өндірістерінде және медицинада дәрілерге қосуға пайдаланылады (ҚҰЭ). 3. т а м а қ. Какао ағашы жемісінен жасалған ұнтақтан дайындалатын құнарлы сусын.