Калибрлі

lat: Kalıbrli

с ы н е с і м. ә с к е р и. Белгілі бір калибрге тән болған. Үлкен к а л и б р л і, ауыр зеңбіректің атқышы Тілеужан жау шебіне күн сайын ондаған снарядтар жіберді (С.Бақбергенов, Өз. жігіт.). Жаудың үлкен к а л и б р л і пулеметінен атылған оқ Төлегеннің ішінен келіп тиді (М.Ғабдуллин, Ел намысы.).