[франц. calembour] з а т е с і м. ә д е б. Дыбысталуы жағынан ұқсас, бірақ мағынасы жағынан бір-бірінен алыс сөздерді ойнату, құбылту арқылы жасалған стилистикалық оралым, көркем тәсіл. К а л а м б у р д а ұйқасатын сөздер бір-біріне ұқсас, әріптері бірдей болатындықтан өлең көбінесе күлкі сықаққа бейім келеді (ҚСЭ). К а л а м б у р д ы ң түрлері, көбінесе, юморлық және сатиралық жанрдағы туындыларда жиі кездеседі (ҚҰЭ). Әлемдік әдебиеттен к а л а м б у р д ы ң көптеген мысалдарын табуға болады (ҚҰЭ).