[лат. calendarium] з а т е с і м. 1. Күнтізбе (жыл ішіндегі күндердің, айлардың реті мен саны көрсетілген кесте немесе кітапша). К а л е н д а р ь д ы ң әр бетін ашқан сайын бәрі де еске түсер. Бірімізден-біріміз жақсылықты да, өнер-білімді де бөлісіп ала жатармыз (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай). Соған орай айтар тілек, ойым бар. Кәне, алға к а л е н д а р ь д ы жайыңдар, Қызыл күндер, қызық күндер көбейсін, Туған күнді қызылдатып қойыңдар! (Қ.Ыдырысов, Жолық.). 2. Күнтізбе (астрономиялық жыл санау жүйесі).