Календарьлық

lat: Kalendarlyq

с ы н е с і м. Күнтізбелік (күнтізбе бойынша белгіленген). «А» класының екінші тобында ойнайтын командалар к а л е н д а р ь л ы қ кездесудің үштен екі бөлігін өткізіп те үлгерді («Лен. жас»). Топырақтың беткі қабатын жинап алуды кен өндірудің технологиялық және к а л е н д а р ь л ы қ мерзімімен байланыстыру (Т.Қалыбеков, Экология.).