Каллиграфиялық

lat: Kallıgrafıaályq

с ы н е с і м. Хұснихаттық (каллиграфияға тән, каллиграфияға қатысты). Сөздерді, сөйлемдерді жазғанда оқушылардың бірінші класта қалыптасқан жазу үлгісін бұзбау үшін к а л л и г р а ф и я л ы қ ережені қатаң сақтаймын («Қазақст. мұғ.»). Орталық Мемлекеттік архивінен Отыншының губернаторға жерлестерінің атынан жазған арыз-шағымдары табылды. Ол арыз-шағымдар к а л л и г р а ф и я л ы қ әріппен орыс тілінің сол кездегі орфографиялық ережелерін сақтай отырып, бірдеір емле қатесіз сауатты тілмен жазылған («Түркістан»).