Калорифер

lat: Kalorıfer

[лат. caloriferre] з а т е с і м. т е х н и к а л ы қ. Ауа мен жылыту, желдету жүйелері мен кептіргіш қондырғылардағы ауа қыздыратын аспап. Пайдаланылатын жылу тасығыштарына байланысты к а л о р и ф е р л е р булы, сулы және оттық болып бөлінеді (ҚҰЭ). К а л о р и ф е р д і ң жылу шығару қабілетін арттыру үшін бұлар, әдетте, қырланған болат құбырдан жасалады (ҚҰЭ). Спираль орамды және пластинкалы калорифер тиімдірек. Сонымен қатар электрлі және отты-ауалы к а л о р и ф е р л е р қолданылады (ҚҰЭ).