Камзол пішу

lat: Kamzol pishý

Ұзақ жылдар бойы жинақталған зерттеулер мен деректерге сүйенсек, олардың пішілуі Қазақстанның барлық аймағында бірдей, яғни кебенекше ойып пішіледі.                                          Бешпенттің жағасы тік жағалы болып келсе, камзол көбінесе ойма жағалы болған. Камзолдың жеңі көбінесе ойылып пішіледі, кейде қондырма жеңді болады. Камзолдың алдыңғы бойы қаусырылмайтын, яғни алды айқаспайтын етіп пішіледі. Алдына қапсырма, түйме тағылады.