Ағып келген лас су жиналатын және тазалаушы орындарға ағып жетуін қамтамасыз ететін канализацияның негізгі бөлігі. К а н а л и з а ц и я ж е л і с і елді мекендер мен өндіріс орындарынан ылдилата жүргізіледі де, су өздігінен ағатын болады (ҚСЭ). К а н а л и з а ц и я ж е л і с і н тексеріп, тазалап жуып тұру үшін құбырлардың диаметрі өзгерген жерлерге арнаулы бақылау құдықтары жасалады (ҚСЭ).