[лат. canalis] з а т е с і м. 1. Су ағатын жасанды арна. Ертіс – Қарағанды к а н а л ы н ы ң басшылары Қалқаманға бет алып бара жатты («Қаз. әдеб.»). Қарағанды – Ертіс к а н а л ы н ы ң, Павлодар трактор және химия заводтарының құрылыстары, Ермак ферросплав-хром заводы мен жылу станциясын жобалау және кеңейту – Косыгин талқылап, бір қорытындыға келген шаруалардың бірсыпырасы осылар (Д.Қонаев, Өтті дәурен.). Егістікке су апаратын негізгі арналар соғыстан кейінгі жылдары қолмен қазылған. “Октябрь” к а н а л ы шамамен 40 км, “Қожарық” секілді әрқайсысының ұзындығы 25-30 км-дей бірнеше канал, сондай-ақ осылардан тарайтын ондаған майда су жолдары қазылған («Зерде»). 2. т е х н и к а л ы қ. Арна (коммуникация, байланыс желісі). 3.Арна (әртүрлі бағдарламалар көрсететін телевизиялық байланыс желісі). Телевизиялық программалар бірнеше к а н а л д а р м е н жүргізіледі (М.Құдайқұлов, Оқу киносы). 4. а н а т о м и я л ы қ. Қуысы арқылы, арнасы бойымен қандай да бір заттар өтетін тірі ағзадағы тамыр, мүше.