[гр. kanön] з а т е с і м. 1. Қандайда бір бағыттың, ілімнің ережесі, алдын ала белгіленген қағидасы. К а н о н ұғымы логикада, этикада, эстетикада, таным теориясында, дінде кеңінен таралды (ҚСЭ). Әлішер Науаи ақындар бұрыннан талай жырлаған, қанықты оқиғалық к а н о н д а р ізімен кетпей, әр дастанын заман рухына лайықтап, жаңа етіп шығарады (Р.Бердібаев, Гүлстан.). Майлин де Чехов сияқты әдебиеттің к а н о н д а р ы н бұзды. Дәстүрлі тақырыптар мен дәстүрлі геройларға, сюжет, композиция заңдарына жаңаша қарады («Жас Алаш»). 2. м у з ы к а л ы қ. Әртүрлі орындаушылардың бірінен соң бірі музыкалық тақырыпта қайталануы. 3. м а т е м а т и к а л ы қ. Математикадағы тұрақты, стандартты шама, формула, т.б. Есебіміз к а н о н түрінде берілсе, онда оның әрбір теңдеуіне екі теңсіздікті сәйкес қою арқылы стандартты түрге көшіруге болатынын, ал стандартты түрден канон түріне қосымша белгісіздер ендіру арқылы көшіруге болатынын көрдік (Ж.Күлекеев, Сызықтық.). Диофант «Арифметикасының» баяндау стилінің ежелгі грек математиктерінің к а н о н д а р ы н а н сапалы түрде екі өзгешелігі бар (А.Көбесов, Математика.).